Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің студенттерін оқыту үрдісі
Колледж студенттерін оқыту үрдісі – жан-жақты көп еңбек етуді қажет етеді. Бүгінгі күні колледж оқытушыларынан оқытудың лайықты түрлері, әдіс-тәсілдері талап етіледі. Колледжде дайындық негізі кәсіби даярлауға, кәсіптік жұмысын терең меңгеруге және бағдарлама соңында орта білім алуға бағытталған (білім алушылардың басым бөлігі негізгі мектеп базасынан).
Осы параметрлерден колледж оқытушыларының әдістемелік, ғылыми – әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары шығады.
Колледждің оқу –әдістемелік және ғылыми –әдістемелік жұмыстары Қазақстан Республикасының «Білім туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы), техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру және ұйымдастыру ережелері.
Оқу- әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстар колледжде әзірленген ішкі құжаттар тәртібімен реттеледі.
– Колледж Жарғысы;
– Жезқазған индустриалдық –гуманитарлық колледжінің 2014-2019 оқу жылына арналған стратегиялық даму жоспары;
– Жезқазған индустриалдық –гуманитарлық колледжі оқытушыларының ғылыми –әдістемелік және ғылыми –зерттеу жөнінде ережесі (П ЖИГК 57);
– «Жезқазған индустриалдық –гуманитарлық колледжінің ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде» процедурасы (ПРО ЖИГК 605-14);
– «Жезқазған индустриалдық –гуманитарлық колледжінің студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде» ережесі (П ЖИГК 58);
– «Жезқазған индустриалдық –гуманитарлық колледжінің оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу туралы» ережесі (П ЖИГК 50).
Жезқазған индустриалдық –гуманитарлық колледжінің оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми –әдістемелік қызметі колледж Миссиясымен жүзеге асырылады, атап айтқанда, техникалық білім беруде жоғары сапалы мамандар даярлау; білім сапасын арттыру мақсатымен жаңа оқыту технологияларын енгізу; білім негіздерін қамтамасыздандыру; меңгерген кәсіптеріне сай деңгейде базалық және кәсіптік құзыреттіліктерін қамтамасыздандыру; үздіксіз білім беруге көмектесу.
Жезқазған индустриалдық –гуманитарлық колледжі оқытушыларының оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметтері колледждің стратегиялық даму жоспарымен жүзеге асырылады. Әрбір стратегиялық бағыттар мен мақсаттар, колледж потенциалының өсуі идеясы және оқытушылардың ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметтерін көрсету арқылы өтеді. Сондықтан, колледжде оқытушылар құрамының өсуін бақылайтын рейтингтік жүйе бар. Колледжде «ЖИГК оқытушылар құрамының қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесі жөнінде ереже» әзірленген. ЖИГК» (П ЖИГК 38).
Оқу-әдістемелік және ғылыми–әдістемелік жұмыстар – бұл колледж оқытушыларының міндеттерінің бірі, оқыту әдістемесін зерттеу, жетілдіруге бағытталған және оқыту аумағында нақты білім беру пәнінің немесе қандай да бір тақырыпты оқытудың аясында қорытындылап нәтижесін шығару..
Сабақты немесе білім берудің принциптерінің бірі ғылымилылық принципі, колледж студенттері практикалық қызмет аясында білім алады, әр практикалық немесе зертханалық сабақтар ғылымилылық принципінің сақталуы негізінде өтуі қаже