Жастар ісі жөніндегі комитеті
Жастар ұйымының төрайымы
Тлеулинова Арайлым Жалаулиновна
Жезқазған индустриялдық-гуманитарлық колледжінің жалпы гуманитарлық пәндер оқытушысы
Байланыс ақпараттары: 8(7102) 76-22-70, 8707 517 27 87
Электронная почта :kolledg.kz@mail.ru
Мекен-жайымыз: Байқоңыров көшесі 123, № 1 оқу корпусы, 212- кабинет
Жастар ұйымының жұмысы оқушылардың қызығушылығын қолдауға, жастар саясатының аясында оқушылардың өзін-өзі басқару қабілетін дамытуға негізделген.
Негізгі мақсаттар:
- Оқушылардың тұлғалық дамуына, олардың қоршаған ортаға мейірімділік танытуларына септігін тигізу;
- Оқушыларды өзін-өзі басқару мақсатында ұйымдастырылған жиналыстарға, іс-шараларға қатысып, белсенділік танытуына ықпал ету;
- Оқушылардың арасынан көшбасшыны анықтау;
- Көшбасшылардың бойындағы басқарушылық қасиетін дамыту;
Негізгі міндеттер:
- Іс-шараларға бағытталған дайындық жұмыстарын уақытылы жоспарлау;
- Колледждің қоғамдық, оқу-тәрбие жұмыстарына қатысу;
- Оқушылардың тұлғалық көзқарастарын жетілдіру, саяси институттармен тығыз байланыс орнату;
- Оқушылардың шығармашылық және ақыл-ой қабілеттерін жетілдіру, жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, оқуға, ғылымға, колледждің шығармашылық жұмыстарына белсенді араласуына жағдай жасау;
- Жастар саясатына қатысты сұрақтарды саралау, оқушылардың колледжің қоғамдық іс-шараларына қатысуын қадағалау. ЖИГК ЖІЖК аясында «Жігер» студенттік жастар ұйымы жұмыс жасайды.
Жастар ісі жөніндегі комитетінің 2020-2021 оқу жылына арналған
жұмыс және іс-шаралар жоспары
Қазіргі уақытта жастар ұйымы оқу-тәрбие бағыты бойынша біршама жұмыс атқаруда:
- «Колледж күнін» атап өту;
- «Күзгі кеш», «Мисс және Мистер ЖИГК», «Екі жұлдыз» сауықтық іс-шараларын ұйымдастыру.

Оқу жылы аясында ЖІЖК ұйымдастыруымен өткізілетін іс-шаралар
Мы в социальных сетях