Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің кітапханасы
Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі оқу үдерісін дамыту және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға баса назар аударады, бұл орайда кітапхананың орны ерекше. Осыған орай, ЖИГК кітапханасы жаңаша талаптарға жауап бере алатын және студенттердің терең білім алуына ықпал ететін әдебиеттермен жабдықталған. Колледж студенттері гуманистік, эстетикалық және мәдени құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ететін кітаптармен өз бетінше жұмыс жасау мүмкіндіктеріне ие. Кітапхана өз жұмысында «Қазақстан Республикасы орта кәсіби білім беру мекемелері кітапханасының типтік ережесін» (ҚР Білім және ғылым минстрлігінің 17.08.2000 жылғы №827бұйрығы) басшылыққа алады.
Кітапхананы қажетті ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету және басқару мақсатында Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде «Кітапхана рәсімі»(ПРО ЖИГК 401-14) енгізілген. Аталған рәсімнің талаптары кітапханада орналасқан ішкі және сыртқы құжаттар үшін қолданылады және сәйкесінше үдерістерді жүзеге асырады:
- кітапхана қорын көбейту ;
- басылымдарды индентификациялау;
- кітапхана қорын қолдану;
- ескірген басылымдарды өзектілендіру;
- кітапхана қорын қайта қалпына келтіру;
- температура және ылғалдандырудың мөлшерін тіркейтін журнал.
ЖИГК кітапханасы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс жасайды және кітапхана жұмыстарын жақсарту бойынша біршама ауқымды іс-шаралар өткізеді. Кітапхана жұмысының мақсаты білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, олардың кітаптар мен ақпараттық ресурстырады пайдалану дағдыларын жетілдіру. Бұл ретте кітапханада барлық мүмкіндіктер жасалған.
Колледж кітапханасы студенттер мен оқытушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қызмет көрсетеді, оларды қажетті әдебиеттер мен оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні кітапхана қоры 91850 дананы құрайды, оның ішінде 55775 данасы мемлекеттік тілде, 36075данасы орыс тілінде. Оқу залының қоры –13914 дананы құрайды, оның ішінде: мемлекеттік тілде – 7092 дана, орыс тілінде – 2832 дана, оқу-әдістемелік кешендер – 3637 дана, сыйға берілген кітаптар – 190 дана, электронды оқулықтар – 163 дана.
ЖИГК оқырмандар залы 40 адамға шақталған және негізгі және қосымша әдебиеттер, журналдар мен газеттер басылымдарды қамтиды және 40 орынды қамтиды.
Коллдеж кітапханасының оқу залы 11 заманауи моноблоктармен қамтылған, әр моноблок ғаламтор желісіне тікелей қосылған. Әр компьютер арқылы оқырман Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің электронды құжаттамалар базасына қолжеткізе алады. Компьютерлер «Кітапханашы» бағдарламасымен қамтылған, бұл бағдарлама колледж қорындағы барлық кітаптар мен әдебиеттердің электронды нұсқамасын өзінде сақтайды.
Кітапхана жұмысын жетілдіру және жүйелендіру мақсатында колледждің техник-бағдарламашысы «Кітапханашы» («Библиотекарь») электрондық бағдарламасын әзірледі, ол мына критерийлер бойынша жедел іздеуді жүзеге асыру мүмкіндігін береді: автор, атауы, пән, кілтті сөздер және т.б. Бағдарлама мәліметтер қорына енгізілген кітаптарды сұрыптау, сүзгіден өткізу мүмкіндігін береді.
Сонымен қатар, «Кітапханалық каталог» бағдарламасында электронды каталог жқмыс жасайды. Бұнда қаттау бөлімінен орталықтандырылған жазбалармен толықтырылып отырады. Электрондық каталогқа тапсырыс беру ЖИГК кітапхана қорындағы керекті кітапты оқырманның тез арада іздеп табуына септігін тигізеді.
Кітапханада кітап көрмесі, оқырмандар конференциясы, пікірталастар және т.б. дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Кітап көрмесі оқырмандар сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, олардың қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етуге көмегін тигізеді.
Кітапхана библиографиялық каталогтармен үнемі толықтырылып және жаңартылып отырады. Жаңа журналдар мен газеттердің түсуіне байланысты мерзімдік және жаңа әдебиеттерді тіркеу журналы жүргізіліп отырады.
Кітапханадағы электрондық ресуртар мен онлайн-кітапханаларды (Кітап KZ, Ұлттық кітапхана, Ғылыми кітапхана, Физика RU және т.б.) қолдану мен жетілдіру ақапарты оқырмандарға жедел арада жеткізуге мүмкіндік тудырады. Әр оқу жылында әр мамандыөтар бойынша колледжде мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу құралдары жарық көріп тұрады.
Әрбір ОӘК PDF форматына енгізіледі де бұдан әрі студенттердің жұмыс жасауына қолжетімді болып табылады. Бұл – кітапхана саласындағы инновациялық технологиялардың дамығандығын көрсетеді. PDF форматы смартфондарда, ноутбуктерде және басқа да құралдарға жүктеп алып, бұдан әрі де қолдануға болатындығымен қолайлы болып табылады. Бүгінгі күні бұл формат тиімді де мақсатты әдістердің бірі болып табылады.
Кітапхана жұмысын жетілдіру мен жүйелендіру мақсатында колледжідің техник-бағдарламашысымен «Кітапханашы» электрондық бағдарламасы әзірленді. Бұл автор, мазмұны, пән атауы, кілтті сөз және т.б. критерийлер бойынша тез тауып алу мүмкіндігін тудырады. Бағдарлама мәліметтер қорына салынған кітаптарды сұрыптау мен сүзгіден өткізуге мүмкіндік тудырады.
Колледж кітапханасы виртуалды кітапханаларға қосылған:
- «Құқықтық кеңесші» («Правовой консультант») қоры;
- «Жеті жарғы» баспасының электронды кітапханасы.
- «Лань» баспасының электронды кітапханасы – www.e.lanbook.com;
- com кітапханасының мұрағаты www.infanata.com;
- ИТ бойынша электронды кітаптар кітапханасы ITBook.ru;
- Электронды кітапханалар: bookz.ru, www.natahaus.ru, www.kodges.ru, www.koob.ru, www.lib.ru, www.aldebaran.ru, www.bibliotekar.ru, www.mirknig.com, www.Knigka.info, www.lib.com.ua, www.bestlibrary.ru, www.TheLib.ru
- «ЖИГК электронды кітапханасында» колледж студенттері мен оқытушылары колледждің бүкіл кітап қорымен таныса алады. (5.1-сурет).Кітапханада қосымша ақпараттарды қолдануға мүмкіндік беретін Интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалған.
Электрондық оқулықтарды әзірлеуде «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамсыздандыру» мамандығының студенттері басым роль атқарады. Олар өздерінің дипломдық жобаларын ретінде электрондық оқулықтар әзірлейді де, ол оқулықтардың мазмұнынына оқытушылар, ал бағдарламалық тұрғыдан студенттің өзі жауап береді.
Колледжде Е.Б.Мырзалимовтың жетекшілігімен бағдарламашы оқытушылардың күшімен «ЖИГК-ның электронды кітапханасы» бағдарламасы құрылып, онда колледж оқытушыларының барлық электронды әдебиеттері сақталған. Электронды кітапхананың көмегімен әр оқытушы мен студент колледждің барлық базасымен таныса алады, сондай-ақ, бұл кітапхананың өзінде интернетке шығуға мүмкіндік бар, яғни, студенттер өздерін қызықтыратын материалдармен қосымша іздене алады.
Сондай-ақ, 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша (3,4-курс студенттері үшін) арнайы пәндер оқытушысы А.Е. Түсіпбекова «Компьютерные сети и телекоммуникации» оқу құралын баспадан шығаруға дайындық үстінде.
Колледжде «Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер» мен басқа оқу құралдарын шығаруда жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. ПОӘК-інде пәндерді терең әлі толыққанды игеру үшін жан-жақты ақпараттар қамтылады. Біздің ПОӘК-дер білім беру үдерісіның ашықтығын қамтамасыз ету мен әр студентке қолжетімділігімен ерекшеленеді. Қазіргі таңда біздің бірқатар мамандықтар, атап айтқанда «Есептеу техникасы мен бағдарламамен қамтамасыз ету», «Электрмен қамтамасыз ету» мамандықтары 90 % оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілген.
Колледж құрылтайшысы болып табылатын Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетімен жасасқан келісімшарқа сәйкес колледж оқытушылары мен студенттері университеттің кітапхана қорын толыққанды пайдалана алады.
Кітапхана курстық және дипломдық жұмыстарды жазуға арналған әдебиеттермен қамтамасыз етілген. Жыл сайын кітапхана қоры жаңа басылымдармен толықтырылып, оқырмандар сұранысын толыққанды қанағаттандырып отыр.
Білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үдерісін даярлау және енгізу үшін әдебиеттер:
Электоронды тасымалдаушы құралдардағы оқулықтар мен құралдар
2013-2018 оқу жылдарындағы электрондық оқулықтарды жарыққа шығару бойынша салыстырмалы мониторниг
5 жыл аясындағы Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің кітапханалық қоры
Жылдар | Оқулықтар саны | Ғылыми әдебиеттер саны | Оқу-әдістемелік әдебиеттер саны | Барлығы | |||
Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Қазақ тілінде | Орыс тілінде | ||
2013-2014 | 16935 | 15199 | 15824 | 9316 | 18321 | 12371 | 87966 |
2014-2015 | 19558 | 11100 | 17000 | 9575 | 18460 | 12400 | 88093 |
2015-2016 | 20168 | 10972 | 16196 | 9988 | 18691 | 12678 | 88693 |
2016-2017 | 20278 | 11095 | 16200 | 10095 | 18700 | 12485 | 88853 |
2017-2018 | 20301 | 11095 | 16200 | 10095 | 18700 | 12485 | 88876 |