«Жалпы білім беру» ПЦК 2003 жылы негізі қаланған.
ПЦК төрайымы Абдуалиева Перизат Дүйсенбекқызы
қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Мақсаты: ПЦК оқытушыларының жұмысын қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық технологияларды біріктіру арқылы білім алушылардың ортақ құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастыру.
Міндеттері:
- Оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік кешендерді, оқу құралдарын, электронды оқулықтар және т.б дайындау және жетілдіру;
- Оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына, «ZIAT» ОӘО ұйымдастыруымен қашықтықтан өтетін конкурстарына қатысуын ұйымдастыру;
- Оқытушылардың педагогикалық және әдістемелік шеберліктерін дамыту және жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында шеберлік-сабақтарын ұйымдастыру;
- Оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз ету, білім беру және сабақтан тыс іс-шаралар арқылы жаңа педагогикалық технологияларды жүйелі қолдану;
- Оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамстамасыз ету: оқу-әдістемелік кешендер дайындау және жүзеге асыру;
- Оқытушылардың педагогикалық шеберліктерін және оқыту әдіс-тәсілдерін жетілдіру;
- Оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуын ұйымдастыру;
- Оқу-тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар арқылы білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
ПЦК жұмыс түрлері:
- Бекітілген жоспар бойынша ПЦК отырысында күн тәртібіндегі сұрақтарды үнемі талқылап отыру;
- Жұмыс оқу бағдарламаларын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды дайындауда және нормативтік құжаттармен жұмыс жасауда жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету;
- Оқытушылардың өз ара сабақа қатысуы, ашық сабақтар өткізу;
- Пәндік апталықтар, олимпиадалар т.б. сайыстар өткізу.
ЖБ ПЦК -29 оқытушы бар, олардың тарих ғылымының кандидаты -1, жоғары және бірінші санатты оқытушылар саны – 17, бұл жалпы оқытушылар санының 58% , ҚР Білім беру саласының Құрметті қызметкері- 2, магистр-4, қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер. Оқытушылардың орта жас есебі бойынша 34 жас.
«Жалпы білім беру» пәндер-циклдық комиссиясының төрайымы Абдуалиева Перизат Дүйсенбекқызы, О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» түлегі.
Қарағанды облысының «Келешек» Жастар кеңесінің мүшесі.
Жастар жылы аясында ұйымдастырылған «Мен – жас Қазақстандықпын» қалалық форумында «Үздік жас маман – 2019» номинациясынын иегері.
«Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі» Республикалық байқауның жеңімпазы,дәрежелі диплом. Нұр – Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығы 2019 жыл7
M.S. NARIKBAEV ATYNDAGY KAZGVV UNIVERSITETI біліктілігін арттыру педагогикалық шеберлік мектебінің сертификат иегері Нұр-Сұлтан қантар 2019 жыл.