Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі – Тұрар Аружан Күнтуғанқызы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің түлегі
Оқу бөлімі – Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің құрылымдық бөлшегі. Оқу бөлімі күндізгі және сырттай болып екіге бөлінеді.
Оқу бөлімінің негізгі мақсаттары: оқытушылардың біліктілігін арттыру, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Бұл мақсаттарды орындауда оқу бөлімі жұмыс жоспарына сүйенеді.
Оқу бөлімінің негізгі бағыттары мынадай:
- колледждегі білім беру қызметін оқу жоспары мен білім бағдарламасына сәйкестендірілген нормативті құжаттарына негіздеп ұйымдастыру;
- оқытудың ұйымдастырушылық және оқу-әдістемелік үдерісін жетілдіру;
- білім беру стандарты талаптарының орындалу барысын қадағалау, түлектердің тандаған мамандықтары бойынша кәсіби біліктіктерін жетілдіру;
- оқу үдерісінің негізін құрайтын нормативті және әдістемелік құжаттарды барлық талаптарға сәйкес орындау;
Оқу бөлімі жұмысының негізгі міндеттері:
- сабақтардың тиімділігін жетілдіру, өндірістік, оқу тәжірибелерін қадағалау, аттестация уақытын жаңашыл әдістердің көмегімен жоспарлау арқылы оқу бөлімінің үдерісін қарқындату;
- білім стандартын, әр мамандық бойынша дайындалған оқу жоспары мен оқу бағдарламасын, өндірістік және оқу тәжірибелерін нығайтуға ықпал ету ;
Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің негізгі функциялары:
- колледждегі білім беру қызметін ұйымдастыру;
- білім беру үрдісінің тиімділігін және білім сапасын арттыру;
- колледж бөлімшелеріндегі білім беру жұмысын үйлестіру;
- емтихан сессияларының өткізілуін, қорытындыларын қадағалау;
- бөлімшелердің білім беру қызметіне бақылау жасау, қадағалау және талдау.
- оқу үдерісін ұйымдастыру жоспарлау және қадағалау;
- жаңа оқу жылының кестесін құру;
- оқыту формалары, мамандықтары және курстары бойынша бөлім меңгерушілерінің құрған жоспарларын үйлестіру;
- оқу үрдісін және мамандар даярлау бойынша бақылау жоспарын әзірлеу;
- білім беру үрдісіне сараптама жасау;
Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің оқу үдерісін ұйымдастыру ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес жүзеге асады және оқу жұмыс жоспарымен, оқу үрдісінің кестесімен, мамандық бойынша сабақ кестесімен реттеледі.
Оқу жұмыс жоспарлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалады.
Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің негізгі оқу сабақтарының түрлері : сабақ, дәріс, семинар, тәжірибешілік сабақтар, зертханалық жұмыс, бақылау жұмысы, өздік жұмыс, кеңес, тәжірибе және курстық жұмыс.
Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің оқушылары құқылы :
- Қазақстан Республикасының орта кәсіптік білім Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
- қосымша, оның ішінде ақылы білім қызметтерін қолдануға ;
- жатақхана орнымен қамтамасыз етілулеріне.
Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде мемлекетттік және орыс тіліндегі мемлекеттік тапсырысқа негізделген ақылы нысандағы келесі мамандықтар бойынша мамандарды даярлау жүзеге асырылады:
Мамандарды даярлауды жоғары білікті педагогикалық кадрлар жүзеге асырады.
Оқыту кезінде қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық технологиялар пайдаланылады.
Күндізгі оқу бөлімінің білім алушылары сапалы білім алулары үшін заманауи техникалық әдебиетпен қамтылған кітапхана қарастырылған. Колледж әкімшілігі оқу үдерісінің әртүрлі әдістері мен формалары, контингенттің сақталуына үлкен мән береді. Білім алушыларға қосымша кеңес беру өткізіледі.