Жалпы ережелер
1. Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің оқуға қабылдау ережесі (әрі қарай- ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (әрі қарай – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»,(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18қазан № 578 қаулысы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар»), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығы және 2015 жылғы 06 тамыздағы № 107-1346 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.
2. Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжініңе Қазақстан Республикасының азаматтары, негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастапқы кәсіптік және орта кәсіптік), ортадан кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдауға квота көзделеді.
1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін-1 пайыз;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін-0,5 пайыз;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін-30 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін-4 пайыз;
5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын-10 пайыз;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін -10 пайыз квота көзделеді.
4. Түсу емтихандарын тапсыру нысанын Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде белгілейді.
2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжіне оқуға қабылдаудың тәртібі. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу
5. Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде жеке тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу мерзімінде және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады.
Қабылдау комиссиясының құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілдері және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Конкурстық комиссияның құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
Қабылдау комиссиясының шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.
6. Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.
7. Білім беру ұйымдарына тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
8. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.
9. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың төлнұсқасын қоса бере отырып, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын, 3×4 көлеміндегі 4 фотосуретін қоса береді. Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады. Қабылдау квотасы қарастырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.
10. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
11. Білім беру ұйымына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау таңдалған мамандығы бойынша оқыту үшін қарсы көрсетілімдерінің болмауы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып, заңды өкілдердің біреуінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. Мүгедек балалар мен мүгедектерге (көру, есту және тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған) оқуға түсу емтихандарына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015-жылдың 30-қаңтарында бекітілген бұйрығы бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген №10589) мүгедектікті растайтын құжатты тапсырып, қажет болған жағдайда мемлекеттік комиссия төрағасының атына:
1) жеке аудитория;
12. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша:
1) жалпы орта білім үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі пәні) жүргізіледі;
2) негізгі орта білім – жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының көлемінде (қазақ немесе орыс тілі және мамандық профилі пәні) екі пән бойынша;
3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Конкурс білім беру ұйымдары өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.
Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып білім беру ұйымдарының басшылары 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен білім беру ұйымдарының интернет ресурстарында орналастырады.
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі. Түсу емтихандарын және әңгімелесуді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі.
Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша жеке әңгімелесуді жүргізеді.
Қабылдау комиссиясы әр оқуға түсушімен әңгімелесуді 20 минуттан артық жүргізбейді.
Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының басшысы бекітеді.
Түсу емтихандарының қорытындылары ақпараттық стендтерде және білім беру ұйымидарының интернет-ресурстарында түсу емтихандарын өткізген күні орналастырылады.
13. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында;
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 29 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;
2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: «3» – 8 балға, «4» – 17 балға, «5» – 25 балға алмастырады.
14. Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
15.Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
16. Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі Қағидалардың 1- қосымшасына сәйкес айқындалады.
17. Колледжге арнайы немесе шығармашылық мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар Қағидалардың 1- қосымшасына сәйкес бекітілген бағдарламалар бойынша өткізілетін шығармашылық емтихандарын тапсырады.
18. Оқуға түсушіні арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға кіргізу жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде рұқсат етіледі.
19. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.
20. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен ресімделеді. Арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.
21. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.
22. Білім беру ұйымында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогикалық қызметкерлердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады. Хатшы аппеляциялық комиссияның мүшесі болып табылмайды.
23.Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.
Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.
24. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
25. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.
3.Студенттер құрамына қабылдау
26. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) оқудың күндізгі нысанына – күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;
2) оқудың сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
Білікті жұмысшы кадрларды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) оқудың күндізгі нысанына – негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызына аралығында;
2) сырттай білім беру нысандарында – күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегінен бастап 30 қыркүйекке дейін негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу құжаттарында көрсетілген негізгі пәндер бойынша бағаларды ескере отырып, іріктеу негізінде, сұхбаттасу нәтижесінде жүргізіледі.
27. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында орта білімнен кейінгі мамандарды даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары мамандықтар мен оқыту тілдерінде қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүзеге асырылады. Оқуға түсушілердің құрамына қабылдау үшін байқауға қатысуға рұқсат етілмейді:
1)базалық (негізгі жалпы) білімі бар адамдар үшін екі пәннен 16 баллдан аз.
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 24 баллдан аз.
28. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау – күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін, сырттай және кешкі оқу нысандарына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе білім беру ұйымының интернет-ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізеді.