Жезқазған индустриалдық – гуманитарлық колледжінің студенттер бөлімі
Сейсепова Багдат Кауановна
Майрамбек Ақжібек Қадырбекқызы
Колледждің студенттер бөлімі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Типтік қабылдау ережесін негізге ала отырып жүзеге асырылады.
Студенттер бөлімі қызметінің мақсаты: «Білім таңдау бойынша» қағидасын ескере отырып, кәсіптік білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету бағытында студенттер контингентін және оның қозғалысын қалыптастыруды дамытып, жетілдіру.
Колледждің студенттер бөлімі жұмысының міндеттері:
- Колледж директорының бұйрығы мен өкімдерінің мазмұнын қадағалап мерзімінде орындау.
- Оқуға түсушілердің құжаттарын акт бойынша қабылдау, түгендеп алу, жүзеге асыру.
- Бұйрық бойынша студенттердің басқа оқу орнынан ауысып келген, өз еркімен оқудан шыққан оқу тәртібін бұзғандығы бойынша оқудан шыққандардың құжаттарын әзірлеу.
- Студенттер контингентінің қозғалысы туралы бұйрық бойынша жеке-іс құжаттарына бұйрықтың көшірмесін салу (курстан-курсқа көшу, аты-тегі өзгеруі т.б).
- Студенттердің сұраныстары бойынша анықтама беру.
- Қорғаныс істер бөліміне күндізгі оқу бөлімде оқитын ер балалар тізімдемесін жасау, құжаттарын әзірлеп, өткізу.
- Номенклатура бойынша оқудан шыққан студенттердің құжаттарын қадағалап, уақытымен мұрағатка өткізу, оның сақталуын қамтамасыз ету.
- Жалпы студенттерді алфавиттік тізімге кіргізу, журналдың толтырып отырылуын қадағалау.
- Оқу бітірушілерге берілетін (диплом, куәлік)құжаттардың тіркеу журналын толтыру.
- Оқу бітірушілердің жеке-іс құжатын реттеп, акты арқылы мұрағатқа тапсыру.
Әрбір студенттің колледжге қабылданған сәтінен бастап колледжді тәмамдағанғанға дейінгі құжаттарын реттеу, жүзеге асырылуда аталған құрылымдық бөлімшенің қызметі орасан.
Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжіне оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі
1.ЖИГК директоры атына өтініш;
2.Орта және негізгі орта білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
3.№086У формасындағы медициналық анықтама флюрография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер, бала жасынан мүгедектер медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысын ұсынады);
4.ҰБТ және кешенді тестілеу (алдыңғы жылғы мектеп түлектері) баллдары көрсетілген сертификаты;
5. 6 фотосурет (3х4);
6.Жеке бас куәлігі, паспорт немесе туу туралы куәлігі, ЖСН;
7.№063 егу картасының көшірмесі.
Толығырақ ақпарат алу үшін келесі байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймын:
Жұмыс телефоны: 87102 76 84 10
Студенттер бөлімінің басшысы Сейсепова Багдат Кауановна 8 705 874 93 95
Студенттер бөлімінің хатшысы Майрамбек Ақжібек Қадырбекқызы 8 708 7817318