Тәжірибе жетекшісі
Токирова Жанар Алтаевна
Байланыс мәліметтері
Жұмыс телефоны: 8 (7102) 76-84-10
Ұялы телефон: 8 705 300 07 97
Электрондық пошта: kolledg.kz@mail.ru
Күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған
Ақпарат
Кәсіптік іс-тәжірибе жоғары білім алу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысының 77 б.)
ЖИГК-ның күндізгі оқу нысанының студенттері ЖИГК-мен келісім–шартқа отырған іс-тәжірибе базаларына мамандықтар бейіні бойынша бағытталады.
«Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ бұйрығы № 107 29.01.2016 ж.) бұйрығына сәйкес күндізгі бөлімінің 1 курс студенттері үшін оқу тәжірибелері міндетті түрде өткізіледі.
Кәсіптік тәжірибелердің барлық түрлеріне жіберу мерзімдері, базалары және жетекшілері көрсетілген ректордың бұйрығымен рәсімделеді. Диплом алды тәжірибе бойынша басшылықты әдеттегідей дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге асырады («Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары» (ҚР БҒМ бұйрығы № 107 29.01.2016 ж.).
Кәсіптік (педагогикалық) тәжірибеге жіберу жеке-дара түрде жүргізілуі мүмкін:
– тұрғылықты мекен-жайы бойынша (дәлелді себеп болғанда);
– болашақ жұмыс орны бойынша (бітіруші курс студенттеріне).
Ұйым немесе мекемеден әкелінген сұраныс хаттың болуы іс-тәжірибе базасымен үшжақты жеке-дара келісім шарт жасасуға негіздеме болады және де басшы ұйымының қауіпсіздік ережелерін сақтау және қамтамасыз етуге кепілдеме бола алады. Студент 3 данада жеке-дара үш жақты келісім-шарт жасайды, тәжірибе басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей,ПЦК-дан тағайындалған тәжірибе жетекшісіне тапсырады.
2017-2018 оқу жылында өндірістік тәжірибеге бағыт тәжірибе басталғанға дейін БІР АЙДАН КЕШІКТІРМЕЙ қол қойылғанда, жеке шарт БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА, жеке-дара тәртіппен жүзеге асады, қалғандары талқылауға қабылданбайды.
Егер күндізгі оқу нысанының студенті іс-тәжірибені өтуге жеке-дара келісім-шартты әкелетін болса және де тұрғылықты мекен-жайы бойынша өтпейтін болса, онда ата-анасының бірінің жазбаша келісімі мен жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуы керек.
Тәжірибеге жіберілетін күндізгі оқу нысанының студенттерінің міндеті:
- нұсқаушы және қорытынды конференцияларға қатысу;
- тәжірибе бағдарламасында және жеке жұмыс жоспарында қарастырылған тапсырмаларды толық көлемде орындау;
- тәжірибе күнделігін жүргізу;
- кәсіпорындағы, ұйымдағы, мекемедегі ішкі жұмыс тәртібін сақтау;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникаларын және өндірістік санитарияны қатаң сақтау;
- орындайтын жұмысына штаттағы маман сияқты толық жауапкершілікпен қарау;
- тәжірибе бағдарламасында көрсетілген есептік құжаттарды тапсыру.
Кәсіптік тәжірибе қорытындылары бойынша студент сәйкес ПЦК-ға есептік құжаттарды (есеп, күнделік, пікір, мінездеме және тәжірибе бағдарламасында көрсетілген басқа да есептік құжаттар) ұсынуы керек. Жетекші құжаттарды тексеріп болған соң, қорғауға жіберіледі.(«Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары» (ҚР БҒМ бұйрығы № 107 29.01.2016 ж.). Есептер кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссияның алдында қорғалады.
Кәсіптік тәжірибелерді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі сұрақтар бойынша ЖИГК-ның тәжірибе жетекшісі Бекртурганова Жанат Ескендировнаға хабарласуға болады: Байқоңыров көшесі, 123, 202 кабинет тел.76-84-10, сот. 8-705-629-69-90
Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің тәжірибелік оқыту нысандарының тізімі