Оқу үрдісінің кестесі оқу жылындағы колледждегі барлық мамандықтардың оқу кестесін, аттестаттау уақытын, демалыс уақыттарының кезектілігін және ауысымын анықтайтын құжат. Оқу үрдісінің кестесі жыл сайын құралады және Кіші педагогикалық кеңестің отырысында қарастырылып, колледж директорымен бекітіледі.
Кестеде оқу аптасының саны мен оқу жылындағы демалыс уақыттары белгіленген. Оқу үрдісінің барлық мүшелеріне орындалуға міндетті құжат болып табылады.
Оқу жылы 4 қыркүйекте басталып 3 шілдеде аяқталады. Демалыс мерзімі жылына 11 аптаны құрайды, оның ішінде қысқы уақытта – 2 аптадан кем емес.
Оқу жүктемесінің максималды көлеміне сәйкес талаптар бойынша апталық дәрісханалық жүктеме 54 құрайды, оның ішінде: 36 сағат міндетті дәрісханалық сабақтар.