Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжіндегі вариативтік компонент болып оқытудың дуалдық жүйесін ендіру табылады. Белгілі болғандай техникалық және кәсіптік білімнің дуалдық жүйесі әлемдік мойындалған, бұл оқу орнында теориялық оқуды және өндірістік кәсіпорында практикалық оқуды біріктіретін, кадрларды даярлаудың айтарлықтай таралған және танылған формасы. Біздің колледж Ұлытау-Жезқазған аймағында бірінші болып дуалдық оқыту жүйесін ендірді.
2014-2015 оқу жылында «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ 30.07.2014ж. №312 «Дуалдық оқыту жүйесі бойынша колледждердің эксперименталдық алаңдарын бекіту туралы» бұйрығы бойынша 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы, 090203 3 – «техник-электрик» біліктілігі бойынша білім алатын 3-курстың 20 студенті оқытудың дуалдық оқыту жүйесі бойынша эксперименталдық топ болып табылды.
2015-2016 оқу жылы «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ 15.04.2015ж. №136 «Техникалық және кәсіптік білім берудің эксперименталдық алаңдары мәртебесін беру туралы» бұйрығы бойынша: «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» ЖМ.
Ол студенттердің электр энергетикасы облысындағы жұмыстың практикалық тәжірибесін алуына есептелген. Оқытудың дуалдық жүйесі бойынша Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасымен, «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Қарағанды облысында жетекші кәсіпорын «Каzakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС және колледжбен үшжақты келісімшарт жасалған.
«Kazakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС құрамына үш станса кіреді де Қазақмыс Корпорациясының өндірістік нысандарын және Жезқазған, Сатпаев, Балқаш, Топар, Абай және басқа да аудандар мен елді-мекендерді жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді:
– «Kazakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС МАЭС;
– «Kazakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС Жезқазған ЖЭО;
– «Kazakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС Балқаш ЖЭО.
«Kazakhmys Energy» ЖШС атқарушы директоры болып Ахат Нихатович Календарев табылады. Кәсіпорынның мекенжайы: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, «Kazakhmys Energy» ЖШС МАЭС.Дуалдық оқытудың бағдарламасы Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің оқытушыларымен «Каzakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС мамандарымен бірлесе отырып құрастырылды және Жезқазған жылуэлектроорталықта енгізілді.
Эксперименталдық жұмыс оқу бағдарламасы құрамына колледж директор, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, әдіскер, «Каzakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС жетекші мамандарынан кірген жұмыс тобымен құрастырылды. Эксперименталдық жұмыс оқу бағдарламасы Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасымен, «Каzakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС келістіріліп және колледж директорымен бекітілген.
Эксперименталдық жұмыс жоспарының ерекшелігі болып теориялық және практикалық сабақтардың пайыздық ара-қатынасы табылады. Бағдарлама 40% колледжде оқуды, яғни теорияны, 60% өндірістегі оқуды, яғни тәжірибені қарастырады.
Мамандық бойынша экспертменттік білім беру бағдарламасы бойынша вариативтік бөлік жалпы уақыттың 60 %-н құрайды.
Дуалды білім берудің негізгі артықшылықтары:
Біріншіден, ол ғылым мен білімнің, ғылым және өндірістің өзара байланысын қамтамасыз етеді,.
Екіншіден, кәсіби бейімделу қажеттілік болмайды, студенттер жұмысқа бірден тартылуы мүмкін.
Үшіншіден, жас адамдар өндірісте тексеруден өтіп, «шынайы өмірде»өз позициясын бекітеді.
Төртіншіден, жұмыс берушілерге білім беруге инвестициялау экономикалық тұрғыда тиімді, себебі олар жұмыс ерекшеліктерімен етене таныс дайын маман алады.
Жас мамандардың көпшілігінің проблемасы тәжірибенің жетіспеуі екені мәлім. Дуалды оқыту бұл проблеманы болдырмауға көмектеседі және кәсіпорындардың тікелей қатысын болжайды. дуалды білім берудің одан әрі дамуы көрсеткендей, мұндай оқыту жүйесінде барлық тараптар мүдделі.
Бұл ретте өндірісте студенттер ресми түрде жұмысқа оқушы ретінде ресімделеді.
Оқу кезінде үшінші төртінші курс студенті, жөндеу және пайдалану қызметкері ретінде электр станциясының барлық бөлімшелерінде бірте-бірте жұмыс істейді,.
Оқыту процесінде студенттер кәсіпорындағы негізгі жұмыс түрлерімен танысады, энергообъектілеріне барады, еңбекті қорғау нормаларын және ережелерін зерделейді, нақты өндірістік тапсырмаларды шешуде өз күштерін сынайды. Студенттер болашақ мамандықтары бойынша дағдыларын ала отырып, мамандық бейіні бойынша тәжірибеленеді.
«Жезказгантеплоэлектроцентраль» АҚ-да колледж студенттері колледжде алған теориялық білімдерін пайдалану мүмкіндігіне ғана ие болып қоймайды, сонымен қатар техник-электриктің болашақ қиын мамандығынан тәлім алады. Дәл осы жерде студенттер күн сайын, сағат сайын, минут сайын әр үйге жарық пен жылу қарапайым жұмыскерден жоғары буынға дейінгі энергетиктердің күнделікті, күрделі және өте қауырт еңбгінің арқасында келетінін түсінеді. Айта кету керек, дәл осы ЖЭО-мен келісімшарттың арқасында студенттер механикалық энергияның электр энергиясына түрлендіру мен және электр энергиясының тұтынушыларға берілудің бүкіл циклін мүмкіндік берді. Біздің студенттер қаламыздың жетекші кәсіпорнында дуалды оқыту жүйесі бойынша білім ала отырып, тәжірибелік және кәсіби дағдыларды толық меңгеріп алды. «Электрмен қамтамаздандыру» ПЦК ұжымы қаланың жүрегі болып табылатын ірі кәсіпорны біздің студенттерге қолқабыс ететінін мақтан тұтады. Осындай серіктеспенәрбір оқу орны мақтана алады.
Тәлімгерлердің пікірінше, оқушылар мұндай оқыту түріне қызығушылық танытады, себебі ол бейінді мамандықтар бойынша практикалық дағдыларды алуға, кәсіпорынның жұмысын ішінен зерттеп білуге және әрі қарай жұмысқа орналасу үшін өзін танытуға мүмкіндік береді.
Техникалық және кәсіптік бейінді қызметкерлерін даярлау және қайта даярлаудың мұндай формасы тікелей жұмыс орындарында теориялық курстан өту мен кәсіби мамандарды даярлауды икемді ұштастыруға және білім алушыларға жоғары біліктілік (разряд) алуға, функционалдық міндеттерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сайып келгенде, жұмыс берушілерге білім беруге инвестициялау экономикалық мақсатта тиімді, өйткені, олар нәтижесінде дәл осы кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен етене таныс дайын маман алады.
Тәлімгерлер: электрлік цех басшысының орынбасары – Нигай Руслан Феликсович
Сейткаримов Данияр Турарович – тарату құрылғыларының 5 разрядты электр слесарі.
Калашников Денис Александрович – электрослесарь шебер.
Неделина Любовь Николаевна – өлшеу аспаптары бойынша сектордың басшысы.
Придворов Владислав Викторович – электр тарату желілерінің 5 разрядты электр монтеры
Мезенцев Юрий Рональдович – 5-разрядты бақылау-өлшеу аспаптарының электр слесарі.
Фалалеева Наталья Сергеевна –аккумуляторлықтың электр слесарі, 4 разряд
Умирзаков Марат Аскербекович – машиналық жабдықтардың электр слесарі, 5 разряд
Карабаев Ерлан Сагындыкович – машиналық жабдықтардың электр слесарі, 4 разряд
Дуальді оқыту жүйесі тек техникалық мамандықтар үшін ғана емес, педагогикалық және басқа да мамандықтар үшін де аса қажет. Тәжірибе теориялық материалды меңгерудің негізгі әдісі екені белгілі. Колледж және одан әрі қарай жұмыс дуалды оқыту жүйесі бойынша жұмыс істейді.