Slider

«Сынақ кітапшасын тапсыру рәсімі» мерекелік іс-шара

Қазан айының 4 жұлдызында Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжінде «Сынақ кітапшасын тапсыру рәсімі» мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараны ЖИГК басшысы Тлеужанова Марал Карибаевна ашып берді. Мерекеге ЖИГК-нің ұстаздары мен студенттері белсене қатысты.Іс-шара, көңілді, шығармашылық атмосфераға толы болды. Іс-шара барысында «Студенттік билет символикасы», «Сынақ кітапшасы символикасы», «Символикалық білім кілті» соңғы курс студенттерінен 1 курс студенттеріне тапсырылды. Сонымен қатар, жыл сайын ЖИГК қабырғасында өтетін «ЖИГК үздік оқытушысы – 2021» атағы Тоқмамбет Айнұр Серікқызы, «ЖИГК үздік топ жетекшісі – 2021» номинациясымен Бойкова Марина Александровна қаржылай сыйлықпен және алғыс хаттарымен марапатталды.Келесі жүлде «Тәлімгер ұстаз» номинациясымен Ибраева Ақкүлше Ибниқызы ақшалай марапатталып, Қарағанды қаласы, білім бөлімінің құрмет грамотасымен Абеуова Ақсара Бажановна мен Токирова Жанар Алтайқызы марапатталды. Колледж өмірі мен дамуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін Токирова Жанар Алтайқызы, Майрамбек Ақжібек Қадырбекқызы, Қаратауова Айсұлу Сайыновна, Әбдіғали Ақжүніс Отарбекқызын мерекелерімен құттықтай отырып, ақшалай марапатқа ие болды. Сонымен қатар, «Үздік студент» номинациясымен НО-32 тобының студенті Магзумова Аида, ПРМПИ-11 топ студенті Абай Аңсар, П-31 топ студенті Махан Сайлаубек, СМС-11 топ студенті Оразақын Дана, СМС-21 топ студенті Аманжолова Қарлығаш марапатталды. Мерекелік іс-шара соңында колледж басшысы 1 курс топ басшыларына сынақ кітапшаларын салтанатты түрде табыстады.

 

Comments are closed.

Қазан (2021)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Жел    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031