"Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі" ЖМ
Кіру
AA+
"Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі" ЖМ
"Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі" ЖММ

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің кітапханасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар.

Кітапхананың жалпы ауданы: 179 м2.

Оқу залы: 2 бөлме

Жабдық: стеллаждар, үстелдер, орындықтар, шкафтар, компьютерде жұмыс істеуге арналған үстелдер.

Техникалық құралдар: 8 компьютер (компьютерлерде интернетке кіру мүмкіндігі бар), интернет, мультимедиялық проектор, экран.

2024-2025жылдың кітапхана сапасын арттыру жоспарына сәйкес кітапхана жұмысының негізгі мақсаты-педагогикалық құрамды және білім алушылардың кітаппен жұмыс істеудің ұтымды тәсілдерін үйрету арқылы білім алушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпараттық мәдениетін терең жетілдіруге, қажеттіліктерін қанағаттандыруға және олардың өз бетінше білімін тереңдетуіне оң ықпал жасай отырып, бүкіл колледж жоспарына сәйкес, колледж әкімшілігімен бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді.

Көркем әдебиеттің, арнайы пәндер оқулықтарының қоры оқырмандарға қолжетімді.

Құнды әдебиет және бір дана кітаптар, пайдалану үшін жеке стеллажға орналастырылды.

Кітапхана қорында арнайы мамандықтарға арналған оқулықтар, көркем әдебиеттер, анықтамалық және оқу-әдістемелік нұсқаулықтар бар. Қорда дәстүрлі ақпарат көздерінен басқа әртүрлі пәндер бойынша электронды оқу басылымдары бар. Кітапхана қорында әр түрлі шыққан жылдардағы кітаптар бар.

Қазіргі таңда кітапхана қорында 16 120 кітап, 270 электронды кітап бар, оның ішінде бірінші 2024-2025 жылдықта қорға қосылған кітап саны 148 дана.

Кітапхана қорын қалыптастыру мақсатында қажетті, жетіспейтін кітаптарға тапсырыс берілді, білім алушыларға қажетті кітаптары ұсынылды.

Соңғы болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып отыру мақсатында 2024-2025жылға колледж мұғалімдері газет, журналдарға жазылды.

Кітапхана қорына келген жаңа оқулықтар есепке тіркеліп, білім алушыларға таныстырылады.

Мақсаты: Кітапхана жұмысының негізгі мақсаты - педагогикалық құрамды және білім алушыларды кітаппен жұмыс істеудің ұтымды тәсілдерін үйрету арқылы білім алушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпараттық мәдениетін терең жетілдіруге, қажеттіліктерін қанағаттандыруға және олардың өз бетінше білімін тереңдетуіне оң ықпал жасау.

Міндеттері :

  • Білім алушылардың кітап оқу белсенділігін және оқуға деген мотивациясын арттыру;
  • Білім алушылардың оқырман белсенділігі және оқырман біліктілігін дамытуға бағытталған өзара байланысты жоба жүйесін қалыптастыру;
  • Білім алушылардың оқуға құштар ету үшін олардың қызығушылықтарын ескере отырып, білім беру әдістерін әртараптандыру. Бұл мақсатта түрлі жобалар мен іс-шаралар ұйымдастырылып, студенттердің білімге деген ынтасын арттыру;
  • Жас ұрпақтың өскелең талабын қаңағаттаныруда,рухани байлығын,жалпы ой-өрісін дамытуда,жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы-кітап екенін түсіндіру;
  • Ұлттық құндылықтарды сақтау және дамыту: Қоғамның мәдени-рухани дамуына үлес қосатын ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау.
  • "Оқуға құштар колледж" жобасының негізінде білім беру сапасын арттыру ғана емес, сонымен қатар студенттердің жан-жақты дамуы мен олардың болашақтағы жетістіктеріне негіз қалауға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асыру.
  • Интерактивті әдістемелерді қолдану;
  1. Электронды кітаптарды оқуға баулу;
  2. Аудиокітаптардың тізімін беру және қолдана білу;
  • «BookCrossing»-кітап алмасу қозғалысын дамыту;

Күтілетін нәтиже:

  • Білім алушылардың кітап оқу белсенділігі артады
  • Білім алушылардың оқырман белсенділігі және оқырман біліктілігін дамытуға бағытталған жүйе қалыптасады
  • Отбасылық кітап оқу дәстүрі жаңғыртылады
  • Білім алушылардың өскелең талабын қаңағаттандыруда,рухани байлығын ,жалпы ой-өрісін дамытуда,жоғары эстетикалық талап –талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы-кітап екенін түсінеді.
  • Білім алушылардың мәдени тәрбиесі,көркем әдебиетке кітапқа деген қызығушылығы дамиды
  • Интеракивті әдістемелерді қолдану арқылы электронды кітаптарды оқуға және аудиокітаптарды қолдана білуді меңгерді
  • Оқу мәдениетін дамыту: Студенттер мен оқытушылар арасында кітап оқуға және ғылыми жұмыстарға қызығушылықты арттырады
  • Ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану: Оқу құралдары мен кітапханалық ресурстарды пайдаланудың маңыздылығын насихаттау.
  • Жеке тұлғаны дамыту: Студенттердің өзіндік білім алу дағдыларын қалыптастыру, критикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамытады
  • Қоғамдық белсенділікті арттыру: Студенттерді әртүрлі жобалар мен бастамаларға тарту, оқу және білім алу процесіне белсенді қатыстыру.
  • Бұл бағдарлама колледждің білім беру жүйесіне шығармашылық, зерттеушілік және қоғам алдындағы жауапкершілікті дамытуға көмектеседі.
  • «BookCrossing»-кітап алмасу қозғалысын дамиды;

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы » аясында атқарылып жатқан жұмыстар:

«Оқуға құштар колледж» жобасы , «Балалар кітапханасы жобасы», «BookCrossing»-кітап алмасу қозғалысын дамыту жобасы, «Smart bala» жобасы әр түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Күтілетін нәтиже :

7.1.Мамандықтар бойынша кітап қорын үлкейту, қажетті кітаптарды негізделген сайттар арқылы колледж әкімшілігіне тапсырыс беру, қажетті кітаптарды толтыру

7.2. Оқу әдістемелік нұсқаулықтарды зерттеп, колледж көшіру және көбейту кабинетінен басып шығару.

7.3. «НАО Talap» акционерлік емес сайтынан қажетті оқулықтарды алып, көшіру және көбейту кабинетінен түптеп шығарып, кітап қорына қосу.

7.4. Әдебиет қорын нығайту оқытушылар мен стдуденттер сұранысына байланысты.

7.5. Жалпы студенттердің кітап оқуға құлшынысын ашу.

7.6. Кітап қорымен жұмыс істеп үйрету.

7.7. Мерекелік күндерді үнемі тойлап отыру, тиісті пән мұғалімдеріне жүктеу.

7.8. «Bookcrossing» елге таннымал кітап көрмесін қалыптастыру.

7.9. Кітап оқу зоналарын ашу

7.10. Колледжімізде кітаптарды нығайту нәтижесінде, «кітап сыйла» іс шарасын қалалық деңгейде ұйымдастыру.