Байланыс мәліметтері:
- Тел: +7 705 586 02 89
- Мекен жайы: Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Сары-арқа көшесі 16үй, №1 оқу ғимараты, кабинет 210
- Email:
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-сенбі 09:00-18:00
Менің ұстанымым: Колледж өмрінің заманауи талаптарына сәйкес келетін, өзін-өзі дамытудың және жаңа білім іздеудің тұрақты процесінде бола отырып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізетін, сұранысқа ие маман болып қалу.
Оқу бөлімі техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, оқу процесін ұйымдастыру және оны жетілдіруге жағдай жасау мақсатында құрылды.
Стандарттық ережелерге сай, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы және де тиісті түрлердегі қосымша білім беруді ұйымдастыру.
2022 жылдың 31 тамызындағы Қазақстан Республикасының оқу ағарту Министрының №385 бұйрығы бойынша, колледжде студенттердің білімін бақылау және бағалау жүйесі жұмыс жасайды.
ҚР БҒМ 18.09.2008 жылғы № 125 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, білім алушылардың, үлгеріміне ағымдағы бақылауды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, ағымдағы үлгерімді бақылау, аралық және қорытынды аттестация жұмыстары жүргізіледі.
- Рәсім «Оқу процессі» ЖИГК 703-20 (алтыншы басылым)
Колледжде студенттердің үлгерімі мен білім сапасын анықтау бойынша, ақпаратты жинау мен өндеуді, күндізгі және сырттай оқу бөлімдері, оқу бөлімімен және пәндік циклдық комиссиясымен бірлесіп жасалады.
Күндізгі және сырттай оқу бөлімдері қызметінің міндеттері:
- Сынақ-емтихан сессияларының нәтижесі бойынша, студенттердің үлгерімін талдау;
- Студенттердің контингентін талдау;
- Студенттердің ағымдағы үлгерімін бақылауды ұйымдастыру;
- Емтихан сессияларының қорытындысы бойынша материалдарды жинақтау және талдау;
- Студенттердің сабаққа қатысуын есепке алу;
- Студенттердің оқу, педагогикалық және өндірістік практикаларының қорытындыларын бақылауды ұйымдастыру;
- Сапа менеджменті жүйесінің жұмысын қалыпты жағдайда ұстап тұру.
Барлық оқу топтарындағы колледж студенттерінің ағымдағы бақылау, аралық аттестаттау, қорытынды аттестаттау оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімдерде жүргізіледі.
Студенттердің ағымдағы үлгерімін бақылау – бұл оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес, пән мұғалімінің жүргізген сабағы бойынша студенттің оқу жетістігін тексеру.
Студенттердің ағымдағы үлгерім бақылаудың әртүрлі нысандары қарастырылған: ауызша, сауалнама, жазбаша бақылау, аралас бақылау, үй тапсырмаларын ұсыну, тренингтер, тесттер, бақылау жұмыстары және т.б.
Студенттердің үлгерімін ағымдағы бақылаудың нәтижелері Smart nation электрондық журналы бойынша жүргізіледі. Барлық пән мұғалімдері журналды дұрыс жүргізуге жауапты.