"Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі" ЖМ
Кіру
AA+
"Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі" ЖМ
"Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі" ЖММ

Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің (ЖИГК) оқу жұмыс жоспары студенттердің білім беру процесін және оқу құрылымын айқындайтын негізгі құжат болып табылады. Бұл жоспарды әзірлеу Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне қатаң сәйкес жүзеге асырылады:

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 303 бұйрығы. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығы.

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығы.

«Атамекен» ҚР ҰКП сайтында бекітілген кәсіби стандарттар.

Бұл бұйрықтар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін оқу жұмыс жоспарларының мазмұнына, құрылымына және безендірілуіне бірыңғай талаптарды белгілейді. Осыларға сәйкес колледжіміздің оқу жұмыс жоспарында келесі ақпарат қамтылған:

Студенттердің бүкіл оқу кезеңі ішінде зерделеуі тиіс модульдер мен оқу нәтижелерінің тізімі.

Әрбір оқыту нәтижесін немесе модульді зерделеуге бөлінген сағат саны, оның ішінде аудиториялық сабақтар, студенттердің өздік жұмысы және практика.

Студенттердің білімдерін бақылау нысандары, мысалы, емтихандар, сынақтар, курстық жұмыстар және аттестаттаудың басқа түрлері.

Модульдерді және оқу нәтижелерін зерделеудің дәйектілігін, сондай-ақ каникулдар мен оқу қызметінің басқа түрлерін өткізу мерзімдерін айқындайтын оқу кестесі.

Колледжіміздің білім беру бағдарламаларымен «Talap» КеАҚ тізілімінен танысуға болады. «Talap» КеАҚ тізіліміне сілтеме: http://reestr24.talap.edu.kz/requests.

Бұл құжат колледжде оқу процесін ұйымдастырудың және білім беру сапасын бақылаудың негізі болып табылады.