Тәжірибе жетекшісі
Сарықұл Жұмағали Әбдімәлікұлы
Байланыс мәліметтері
Жұмыс телефоны: 8 747-195-20-16
Электрондық пошта:
Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі Ұлытау-Жезқазған өңірінде білім беру қызметтерінің кешенін ұсыну бойынша көшбасшы болуға ұмтылатын, жоғары білікті педагогикалық кадрлары, заманауи материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасы бар Ұлытау облысының озық техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда колледж 15 қажетті мамандық және 26 біліктілік бойынша дайындайды.
«Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам. Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек», - деді президент.
Әлеуметтік әріптестік шеңберінде ЖИГК жетекші кәсіпорындармен және ұйымдармен, Жезқазған қаласы мен Сәтбаев қаласының мемлекеттік мекемелерімен, оның ішінде «Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Тілтану оқу-әдістемелік орталығы» КММ, «Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, ЖШС-мен кәсіби тәжірибеден өту бойынша шарттар жасады «Kazakhmys Maker», «Ютария LTD Өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС, Жезқазған қ. «Еуразиялық банк» АҚ, Жезқазған қ. «Халық банкі» АҚ, Жезқазған қ. «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ЖФ АҚ және т. б.
Әлеуметтік серіктестердің толық тізімі төмендегі кестеде келтірілген.