Студенттер бөлімі

Кадрлар және студенттер бөлімінің бастығы
Бекенова Асия Ануарбековна
E-Еmail: kolledge.kz@mail.ru
Мекен-жайы: Байқоңырова 123 № 1 оқу ғимараты, 208 кабинет
Жұмыс телефоны: 87102 76 84 10
8 777 947 9995
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-сенбі 9: 00-18: 00
Мақсаты
Колледждің студенттер бөлімі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Типтік қабылдау ережесін негізге ала отырып жүзеге асырылады.
Студенттер бөлімі қызметінің мақсаты: «Білім таңдау бойынша» қағидасын ескере отырып, кәсіптік білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету бағытында студенттер контингентін және оның Колледждің студенттер бөлімі жұмысының міндеттері:
1. Колледж директорының бұйрығы мен өкімдерінің мазмұнын қадағалап мерзімінде орындау.
2. Оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдау, реттеу.
3. Бұйрық бойынша студенттердің басқа оқу орнынан ауысып келген, өз еркімен оқудан шыққан, оқу тәртібін бұзғандығы бойынша оқудан шыққан студенттердің құжаттарын әзірлеу.
4. Студенттер контингентінің қозғалысы туралы бұйрық бойынша жеке-іс құжаттарына (курстан курсқа ауысу туралы,
Т.А.Ә.өзгерістер туралы) бұйрықтың көшірмесін салу.5. Студенттердің сұраныстары бойынша анықтама беру.
6. Қорғаныс істер бөліміне, күндізгі оқу бөлімінде оқитын ер балалар тізімдемесін жасау, құжаттарын әзірлеп, өткізу.
7. Номенклатура бойынша оқудан шыққан студенттердің құжаттарын қадағалап, уақытымен мұрағатка өткізу, оның сақталуын қамтамасыз ету.
8. Жалпы студенттерді алфавиттік тізімге кіргізу, журналдың толтырып отырылуын қадағалау.
9. Оқу бітірушілерге берілетін (диплом, куәлік) құжаттардың тіркеу журналын толтыру.
10. Оқу бітірушілердің жеке-іс құжатын реттеп, акты арқылы мұрағатқа тапсыру.
Әрбір студенттің колледжге қабылданған сәтінен бастап, колледжді тәмамдағанғанға дейінгі құжаттарын реттеу, жүзеге асырылуда студенттік бөлімнің қызметі орасан.
«Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» ЖМ-не оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны (бұдан әрі - № 075-У) бойынша медициналық анықтама, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) № 031-У нысаны (бұдан әрі - № 031-У) бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) қандас – қандас куәлігі.