"Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі" ЖМ
Кіру
AA+
"Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі" ЖМ
"Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі" ЖММ

«Жалпы білім беру» ПЦК қызметінің мақсаты

Мақсаты:

««Жалпы білім беру» пәндік-циклдік комиссиясы (ПЦК) қызметінің негізгі мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың жан-жақты дамуына, олардың сапалы білім алуына, функционалдық сауаттылығын арттыруға, тұлғалық және азаматтық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған жалпы білім беру пәндерін тиімді оқытуды ұйымдастыру.

Нақтырақ айтқанда:

  • Білім сапасын арттыру – жалпы білім беру пәндері бойынша заманауи талаптарға сай сапалы білім беру.
  • Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру – білім алушылардың ойлау, талдау, іздену дағдыларын дамыту.
  • Кәсіптік бағдар мен бейімдеу – жалпы білім беру пәндерін кәсіби бағытпен байланыстыра отырып оқыту.
  • Педагогтардың кәсіби дамуы – оқытушылардың педагогикалық шеберлігін, әдістемелік деңгейін арттыру.
  • Оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру – пәндердің мазмұнын жаңарту, жаңа технологияларды енгізу.

Міндеттері:

  1. Колледждің сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру;
  2. Сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу;
  3. Мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету (сатып алу, шығару);
  4. Оқытудың заманауи құралдары мен интерактивті технологияларын қолдану арқылы әдістемелерді жетілдіру;
  5. Өзара сабаққа қатысу, ашық сабақтар өткізу, инновацияларды енгізу және біліктілікті арттыру курстарынан өту арқылы педагогтердің кәсіби деңгейін көтеру;
  6. ПЦК пәндері бойынша әдістемелік материалдарды жинақтау және жүйелеу;
  7. Білім алушылардың зияткерлік деңгейін, шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын және іскерлік дағдыларын дамыту;
  8. Аттестация өткізу арқылы педагогтердің ғылыми-педагогикалық біліктілігін арттыру;
  9. Қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу арқылы оқу процесінің сапасын жақсарту;
  10. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу бағдарламаларын үнемі жетілдіру;
  11. Үздіксіз білім беру жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
  12. Әлеуметтік қолдауға бағытталған шараларды іске асыру;

Бірінші курстар ата-аналары арасында өткен жиналыстан сурет:


1-курс студенттері арасында 5-қыркүйек «Тіл білімінің тұғырын қалаған тұлға» атты іс-шарадан сурет.


"25-қазан - Республика күніне" орай, Астана қаласында "ҚазМедия" орталығында өткен "Егемендік тірегі - Адал азамат" тақырыбында Республикалық форум өтті. Бұл форумда еліміздің белгілі азаматтары сөз сөйледі, Республика бойынша өз саласының үздіктері марапатталды. Аталған форумда "Үздік жас маман - 2025" номинациясы бойынша 1-дәрежелі дипломмен марапатталған - "Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің" қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Ахметбек Аружан Маргуланкызы. Форумға қатысу үшін ғылыми мақала жазып, үш жыл бойғы жетістіктері жинақталған болатын.

 

 


Ерекше білім беру бағыты бойынша студенттерді оқыту арнайы бейімделген оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асыру

Мерекелік іс шараларға қатысу:

«Білім күніне» орай өткізілген мерекелік іс-шаралар;

  • «Ұстаздар күніне», «Колледж күніне», 1 курс студенттеріне сынақ кітапшаларын тапсыру рәсіміне байланысты мерекелік кеші;

  • ҚР Тәуелсіздік күніне орай өткізілген мерекелік іс-шара«Біз аңсаған бейбіт күн» тақырыбында өткізілді; Мерекелік іс-шара кезінде макет жасаудан оқу практикасы кезінде дайындаған жұмыспен ЭС-11 тобы І-ші орын иеленді.

22-наурыз «Ұлыстың ұлы күніне» орай ұйымдастырылған шаралардан көрініс.

2 Қоғамдық және тәрбие жұмыс

Жезді ауылында орналасқан Ақтасты бұлақ жеріне студенттер мен бірге тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар қала ішінде өткізілген тазалық жұмыстарына да белсене қатыстық.

2-сәуір күні Қ.И.Сатпаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, студенттер мен бірге шағын жиынға қатыстық.

3.Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары оқытушылардың ғылыми-зерттеу әдістемелік жұмыстары жайлы ереже (П ЖИГК 57) мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жайлы ереже (П ЖИГК 58) негізінде жүзеге асырылады.

23-25 қараша күндері Астана қаласында Республикалық «World skills-2024» сайысына «ақпараттық желілер» құзіреттілігі бойынша эксперт ретінде Жолдыбаев У.А қатысу сәті.

Төменде «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша өтілген оқу-тәжірибесінен көрініс.

12-13 сцуірде өткен «Заманауи білім: Трендтер. Иновациялар. Жаңа мүмкіндіктер» ІІ халықаралық ғылыми практикалық конференцияға «Үздік колледж» ретінде постерлер көрмесіне Жолдыбаев Ұ.А колледжде жасалған стендтерді көрмеге қойып, таныстыру жұмыстарын жасады.

20-маусым күні Жезқазған жылу электр орталығына ЭС-11 тобы студенттері мен бірге экскурсияға қатысып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

World skills

2023-жылы қаламызда өткен «world skills-2023» сайысы өткен болатын. Сол сайыста ЭС-11 тобы студенті Аманжол Мадияр 3-ші орын алды.

16 мамыр күні қаламызда өткен «world skills-2024» сайысы өткен болатын. Сол сайыста ЭС-11 тобы студенті Коваленко Михайл 3-ші орын алды.

Арнайы пәндер оқытушысы Жолдыбаев Ұлан Аянұлы әлемдік Корея мемлекетінің Гоянг қаласында өткен «World skill Korea» сайысына іс-сапармен барған болатын. Тәжірибе алмасыумақсатында Кореяның бірнеше колледждерімен танысып қайтты.

Диплом алу сәтініен көріністер

Автоматтандыру және басқару мен электрмен қамтамасыз ету мамандығының 2023 жылғы түлектері.


Әсерлі сәт:

Жалпы білім беру пәндік циклдік комиссиясының іс-шаралары білім беру сапасын арттыруға, педагогтардың кәсіби деңгейін көтеруге және оқушылардың білімін жақсартуға бағытталған. Мұндай іс-шаралар келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылуы мүмкін:

 Педагогикалық шеберлік сабағы

- Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамыту, жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларды меңгеру.

- Мазмұны: Оқытудың заманауи әдістері, интерактивті тақталарды қолдану, жобалық әдіс пен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.

 Тақырыптық ашық сабақтар мен педагогикалық тәжірибе алмасу

- Мақсаты: Мұғалімдердің тәжірибесін насихаттау, оқыту үрдісінде жаңашыл әдістерді қолдануды көрсету.

- Мазмұны: Мұғалімдер бір-бірінің сабақтарына қатысып, пікір алмасып, тәжірибе жинақтайды.

Дөңгелек үстелдер мен конференциялар

- Мақсаты: Мұғалімдер мен оқушылар арасында білім беру жүйесін дамыту мәселелерін талқылау.

Білім беру сапасы, әдістемелер, оқу бағдарламалары бойынша пікірталастар.

 Ғылыми-танымдық экспедициялар мен жобалар

- Мақсаты: Оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу, нақты өмірде пәндерді қолданудың мүмкіндіктерін көрсету.

- Мазмұны: Жобалық жұмыстар, ғылыми жоба сайыстары, зерттеу экспедициялары.

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру

- Мақсаты: Оқушылардың тұлғалық дамуын қолдау, патриоттық тәрбие беру.

- Мазмұны: Тәрбие сабақтары, мәдени іс-шаралар, әлеуметтік жобалар.

Білім беру сапасын бағалау

- Мақсаты: Оқу бағдарламаларының сапасын бағалау, оқушылардың білім деңгейін анықтау.

- Мазмұны: Ұлттық және халықаралық тестілеу нәтижелерін талқылау, оқушылардың жетістіктерін бағалау.

Осындай іс-шаралар колледжде білім беру жүйесін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылардың ынтымақтастығын арттыруға және білім сапасын жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.