Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл шешім жұмысшы мамандықтардың елдің экономикалық тұрақтылығы мен әлеуметтік дамуының негізгі факторы ретіндегі маңызын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық қадам болып табылады. Аталған бастама ел экономикасының тұрақты өсуін және инновациялық дамуын қамтамасыз ететін білікті кадрларды даярлаудың өзектілігін айқындайды.
Жұмысшы мамандықтар ұлттық біліктіліктер жүйесімен тығыз байланысты. Осы бағытта Біліктілікті дамыту жөніндегі ұлттық орган кәсіби құзыреттерді бағалау және танудың заманауи, ашық әрі тиімді жүйесін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында келесі бағыттарға басымдық беріледі:
✓ еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламаларын жетілдіру;
✓ қазіргі заман талаптарына сай біліктіліктерді бағалау және тану тетіктерін дамыту;
✓ білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, тәжірибеге бағытталған оқыту мен тәлімгерлік жүйесін енгізу;
✓ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасау
Жұмысшы мамандықтар жылын іске асыру шеңберінде Жезқазған индустриялық-гуманитарлық колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» бойынша Медиа-жоспар бекітіліп, ол Ұлытау облысының Білім басқармасымен және Ұлытау облысының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілді.
Жұмысшы мамандықтарды дамыту — елдің технологиялық және экономикалық болашағына салынған маңызды инвестиция. Мемлекет, білім беру ұйымдары және бизнес өкілдерінің бірлескен күш-жігері арқылы әрбір маманның құзыреті сұранысқа ие болатын тиімді әрі заманауи біліктіліктер жүйесі қалыптасады.