«Экономика және стандартизация» апталығының аясында Бақытжанова Мөлдір Эльдарқының жетекшілігімен УиА-22 және УиА-01 топтарының студенттері «АО Банк Центр Кредит» банк бөлімшесінде болды. Кездесу барысында студенттер банк қызметтері, инвестиция түрлері және қаржылық тұрақтылық негіздері туралы маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар, қарызсыз қоғам құру үшін қандай қадамдар жасау қажетігі айтылды. Студенттер үшін пайдалы әрі қызықты өткен кездесу олардың болашақ қаржылық сауаттылығын арттыруға септігін тигізетініне сенімдіміз!