22 қазан Республика күніне орай Ұлытау облысы Жайдарманның жоғарғы лига 1/8 ойыны өтті. Ойынға барлығы 12 команда қатысып, бақ сынасты. Колледжіміздің намысын «Сарыарқа ұландары» және «Сарыарқа арулары» командалары қорғап, үздік ойын көрсетті. Тартысты сайыстың нәтижесінде «Сарыарқа арулары» командаснының ойыншысы, «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студенті Нұрышева Аружан «Үздік ойыншы» номинациясының иегері атанды.